Елордалық сотта кадрлық өзгерістер орын алды.
Қалалық соттың бұрынғы судьясы Алма Есімова Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сотының төрағасы болып тағайындалды деп хабарлайды елордалық соттың баспасөз қызметі. Сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың жаңадан тағайындалған төрағалары таныстырылды. ҚР Президенті бұйрығымен Алматы аудандық сотының төрағасы болып Асан Бакишев, Есіл аудандық сотының төрағасы – Руслан Мәжитов, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағасы – Мәди Рысбеков, кәмелетке толмағандар бойынша мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы болып – Қыдырбек Әлқожаев тағайындалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың судьясы Әділбек Дүйсебаев, Алматы аудандық сотының судьясы болып Дәурен Байменов тағайындалды.
Сабина Сайлаубай