«Макронның реформаларына қарсы күресте иық тіресе».
Жұма күні Париж университетінің студенттері мен теміржолшылар осындай ұранмен Франция президенті Эммануэль Макронның реформаларына қарсы наразылық шеруіне шықты.
«Тольбиак» университеті комплексінің студенттері 26 наурызда үкіметтің жоспарларына наразылық белгісі ретінде жоғарғы оқу орындарына түсу емтхандарының өтуін бұғаттап тастаған болатын.
Қазіргі уақытта ел президенті Эммануэль Макрон сессия емтихандарын өткізуге жағдай жасау үшін университеттерді ереуілшілерден босатуды тапсырды.
Президенттің тапсырмасымен полиция қызметкерлері университеттің ішінде қалған жүздеген ереуілші студенттерді сыртқа шығарды. Жергілікті құқық қорғау қызметінің мәліметінше наразылық білдірушілерді тарату операциясы қалыпты өтті. Қарсылық танытқан екі адам қамауға алынған.