Путин Time журналының ықпалдылар тізіміне енбеді

0
74
дереккөзден

Америкалық Time журналы 20 сәуірде әлемнің ең ықпалды жүз адамының тізімін жариялады. Аталған бес жыл ішінде  тізімге алғаш рет Ресей президенті Владимир Путин енбей қалды. Ол 2014-2017 жылдары аралығында ең ықпалдылар қатарында үзбей орын алған еді.

Time жариялаған тізімде сондай-ақ өткен жылы да қатарға енбеген Германия канцлері Ангела Меркель жоқ. А. Меркель 2014, 2015, 2016 жылдары ықпалдылардың тізіміне енген еді.

Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, «Көшбасшылар» аталымы тізіміне енгендер – АҚШ президенті Дональд Трамп, Гарри ханзада және қалыңдығы Меган Маркл, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин.


Time журналы жаһанның ең ықпалды тұлғалар тізімін 1999 жылдан бері жасақтап келеді. Аталған уақыт аралығында Ресей басшысы Владимир Путин тізімге алты рет енді, 2007 жылы «Жыл адамы» атағы Путинге берілген еді. 2017 жылы «Жыл адамы» Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманға бұйырды. Ал 2015 жылы «Жыл адамын» Германия канцлері Ангела Меркель иеленген болатын. Әлемнің ең ықпалды тұлғалары қатарында Меркельдің есімі 8 рет бой көрсеткен еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз