АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресей мен Қытайды айыптады

0
75
дереккөзден

Ресей, Қытай, Иран және Солтүстік Корея «моральдық көзқарас тұрығысынан айыптауға лайық мемлекеттер», қанша дегенмен, аталған мемлекеттер күн өткен сайын өз аумағында адам құқығын аяққа таптайды, дейді АҚШ мемлекеттік хатшысының қызметін уақытша атқарушы Джон Салливан 20 сәуірде әлемдегі адам құқықтары туралы АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің жыл сайынғы баяндамасында.

Атап айтқанда Д. Салливан Ресейді Қырымды оккупациялауды доғаруға және Мәскеудің қолдауымен сепаратистердің Донбастастағы зорлығын тоқтатуға, сондай-ақ Шешенстандағы адам құқығының бұзылуына жаза қолдануға шақырды. Бұдан басқа, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баяндамасында құқық қорғау ұйымдары мыңдаған адам қаза тапқан Украина мен Шығыс елдері арасындағы кикілжіңде Ресей маңызды әскери рөл атқарғанын атап көрсетеді. Ресейдегі ең ірі құқық бұзушылық – жүйелік азаптау, өмірге қауіп төндіретін түрмедегі ауыр жағдай, сондай-ақ әділетті соттың болмауы, деп көрсетіледі баяндамада. Сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік департаменте Ресейдегі сөз бостандығына да зер салған, атап айтқанда құжатта режиссер Кирилл Серебренниковтың тұтқындалуы, «Жетінші студияның жай-күйі» атап көрсетіледі. Ғаламтордағы сөз бостандығының тұсалуы да (сайттардың бұғатталуы, блогерлердің қудалануы) ойға алынады.

АҚШ Мемлекеттік Департаменті Қытайды авторитарлық жүйеде айыптады

АҚШ мемлекеттік департаменті Қытай билігін «авторитарлық биліктің ең нашар түрінде» сынға алды. Д. Салливанның айтуынша, АҚШ Қытай билігінің ұйғыр мұсылмандары мен тибет монахтарының діни, лингвистикалық және мәдени ерекшеліктерін жоюға, сондай-ақ христиан дінін ұстанушыларға шектеу қоюына алаңдаулы.

«Өзбекстан адам құқықтарын сақтауда оң нәтижеге қол жеткізді»

Адам құқықтарының тапталуына байланысты Сирия, Мьянма, Түркия және Венесуэла билігі сынға ілікті. Өз кезегінде, АҚШ Мемлекеттік департаменті баяндама барысында адам құқықтарының сақталуы тұрғысынан оң нәтижеге қол жеткізген Өзбекстан, Либерия мен Мексика билігі ерекше аталып өтеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз