Украина: Қырымды қайтару мүмкін емес

0
147
Қырым/дереккөзден

Бүгінде Украина Қырымды өзіне қайтарып алатын жағдайда емес. Бұл туралы Украинаның уақытша оккупацияланған аумақтары мен ішкі қоныс аударған тұлғалары туралы мәселелер бойынша министрдің орынбасары Георгий Тука «112 Украина» арнасында мәлімдеді.

Г. Туканың сөзінше, Киев қазір дипломатиялық демарштар (үкімет органына не мемлекетке ықпал жасау мақсатындағы мәлімдеме -ред) және саяси мәлімдемелермен ғана шектелуге мәжбүр. Донбасс пен Қырым ұзақ жылғы үрдістерден кейін Украина құрамына қайта енеді, ал Ресей «өз әрекеттері үшін жауапқа тартылады», деп мәлімдеді Г. Тука.

Шенеунік оның ведомствасы Қырым аумағынан ресурстарды заңсыз өндіруді куәландыратын деректер жинап жатқанын хабарлады.


Қырым 2014 жылғы референдумнан кейін Ресейдің құрамына енген болатын. Аймақ тұрғындарының басым көпшілігі Қырымның Ресей құрамына енуін қолдап, дауыс берген. Өз кезегінде Киев Ресей уақытша оккупациялаған аймақты өз территориясы деп есептейді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз