Санкция салқыны: Ресей мен АҚШ санкцияларды талқылады

0
106
дереккөзден

Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов және АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин Вашингтондағы кездесу барысында санкцияларды талқылады.

Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банк кездесуінде тараптар сондай-ақ Солтүстік Корея, Сирия және Украина жайын да ортаға салды, деп жазады РИА Новости.

Бұған дейін 20 сәуірде CNBC телеарнасына берген сұхбат барысында Антон Силуанов Ресей билігі қайшылыққа бармайды, бірақ санкциялық текетіреске дайын деп мәлімдеген еді. Силуанов мәселелерді санкцияның көмегімен емес, саяси диалогпен шешу керек деді. Стивен Мнучин керісінше, ресейлік шенеуніктерге, олигархтар мен мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлеріне салынған соңғы санкцияларға оң қабақ танытты.


АҚШ Қаржы министрлігі 6 сәуірде Ресейдің бірқатар олигархы мен шенеунігіне санкция салды. Өз кезегінде Ресейдің мемлекеттік Думасы салынған санкцияларға жауап ретінде америкалық тауарларды ел аумағынан шектеу туралы заң жобасын енгізді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз