Францияда полиция қызметкерлеріне бағытталған лаңкестік шабуылда төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Euronews хабарлайды.
Лаңкестік шабуылдан қаза тапқан үш адам – бейбіт тұрғын болса, төртіншісі – жанкештінің өзі. Жарақат алған полиция қызметкері мен екі бейбіт тұрғын ауыр халде.
Францияның Треб қаласында 26 жастағы лаңкес Редуан Лакдим қаланың шығысына қарай беттеген жолда жүргізушіні өлтіріп, автокөлігін ұрлап қашқан. Бірнеше миль қашықтықта орналасқан супермаркетке кіріп тұрғындарды кепілге алған.
26 жастағы француз азаматының әрекетін Франция президенті мен премьер-министрі лаңкестік әрекет деп айыптады.
Франция президенті Э.Макрон көрші Бельгияғы ресми сапары барысында сөз сөйлеп, бірнеше сағатта елге оралатынын, бұл террористік әрекетті Франция прокуратурасы зерттейтінін мәлімдеді.