“Гарант 24 ломбард” негізін қалаушы Молдовадан Қазақстанға экстрадицияланды

0
75
Photo: polisia.kz

“Гарант 24 ломбард” негізін қалаушы, “қаржылық пирамида құрды” деп күдікке ілінген Аслан Мурзабеков бейсенбі күні Молдовадан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады. 

Портал мәліметінше, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу Ақтөбе қаласында жүргізіліп жатыр. Тергеу бойынша Аслан Мурзабеков бұдан бөлек “ESTATE Ломбард” жане “Выгодный займ” ұйымдарын басқарған деп күдіктелген.

Ақпан айында осы үш қаржы пирамидасынан 40 мыңнан астам қазақстандық зардап шекті деп көрсетіледі. Оның 8 мыңнан астамы арызданған. Шығын суммасы 10 млрд теңгеден асады. Бұған дейін 42 күдікті анықталып оның 19-ы сот шешімімен қамауға алынған. Ал 8 күдікті іздеуде.

Мерей Кенжеғали

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз