Германия әуежайларындағы ереуілден кейін қазақстандық рейстер әуеге көтерілмейді

0
83
Reuters

15 қаңтар Германияда ереуіл салдарынан 23 мың қызметкер сегіз мың әуежай жоспарлы режімде жұмыс істемейді.

Deutsche Welle ақпарына сәйкес, алдын ала ескертілген ереуілдер Франкфурт-на-Майнеде, Бремен, Дрезден, Эрфрут, Гамбург, Ганновер, Лейпциг және Мюнхен қалаларындағы әуежайларда өтеді. Бұл туралы кәсіподақ хабарлаған.

Франкфурт әуежайының операторы жоспарланған 1200 әуе рейсінің кем дегенде 470 көкке көтерілмейтінін хабарлаған. Бұл қатарда Қазақстанға бағыт алған рейстер де бар.

Н. Назарбаев әуежайының электронды көрсеткіш тақтасындағы ақпарға сәйкес, сағат 05.40-қа жоспарланған Франкфурттан келетін “Air Astana” әуе компаниясының КС 922 борты ұшпайтын болған. Сондай-ақ, сағат 16.10-ға жоспарланған Франкфуртқа ұшатын КС 921 борты әуеге көтерілмейтін болған.

Тengrinews.kz ақпарына сәйкес, Алматы халықаралық әуежайынан сағат 04.40-та Франкфуртқа бағыт алатын Lufthansa әуе компаниясының LH647 борты ұшпаған. Сағат 10.20-ға күтілген “Air Astana” әуекомпанисына тиесілі Франкфурт – Астана – Алматы рейсінің келу уақытынан кешігетіні хабарланды.

Кейінірек ұшу үшін онлайн-тіркеу жарияланды.

Германия әуежайларындағы әуежай қызметкерлерінің ереуілі 23 қаңтарда жоспарланған әуежайдың күзет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру туралы жаңа келіссөздер алдындағы сақтық шарасына негізделген.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз