“Астана-Петропавл” тасжолында болған жол апатынан үш адам зардап шекті. Ішкі істер министрлігі өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл туралы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Жол-көлік оқиғасы 2 қаңтарда “Астана—Петропавл” тасжолының 216-шақырымында болған. Бұл туралы сол күні сағат 15.53 шамасында Бурабай аудандық ПБ телефон хабары түскен.

Оқиғадан жолаушылар — 37 жастағы ер адам, 33 жастағы әйел және 9 жастағы бала түрлі дене жарақатымен Бұланды аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Сонымен бірге Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі Астана қаласының 69 жастағы тұрғыны мен Suzuki Vitara автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, — деп хабарлады полиция департаменті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз