Иордания Королі Қазақстанға келеді

0
69
ашық дереккөзден

Иордания Королі Абдолла ІІ ибн Хусейн Қазақстанға келеді. Сапар 31 қазан – 1 қарашаға жоспарланған. Бұл туралы СІМ өткен брифингте Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі елшісі Азамат Бердібай мәлімдеді.

«Сапар екі жақты. Өзара қарым-қатынастар барлық салада талқыланатын болады», – деп атап өтті А. Бердібай деп хабарлайды today.kz. 

Бұдан өзге елші Иордания Королі Абдолла ІІ Қазақстанға алты рет сапарлағанын мәлімдеді. Соңғы рет Қазақстанға 2015 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінде келген болатын.

Азамат Бердібайдың айтуынша, қос елдің жиі қарым-қатынаста болуы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз