Парижде лаңкестікті қаржыландырумен күрес бойынша Халықаралық конференция мәресіне жетті. Конференцияға 70 елдің өкілдері мен онға жуық халықаралық ұйым өкілдері қатысты.
Франция президенті Эммануэль Макрон киберкеңістіктегі лаңкестік топтарға қарсы әрекет етуді күшейту қажеттігін атап өтті, деп жазады Euronews. Макронның пікірінше, лаңкестер «қоғамдық пікірді тұрақсыздандыру үшін ғаламтор арқылы әрекет етеді».
Франция президенті ДАИШ* пен Әл-Каида* лаңкестік ұйымдары картада өздерінің көп жерлерінің бөлігін жоғалтып, күнелту жағдайында қалды деп мәлімдей отырып, қоғам егер де араңдатушылықтың артуына жол берер болса, аталған топтардың қайтадан өркендеуіне жол ашылады деп мәлімдеді.
Лаңкестікті қаржыландырумен күрес бойынша кезекті Халықаралық конференция 2019 жылы Австралияда өтеді.
Француз арнайы қызметі таратқан ақпарға сәйкес, ДАИШ* лаңкестік ұйымы 2014-2016 жылдар аралығында өз қызметін қаржыландыру үшін миллиондаған қаражат бөлген.
ДАИШ* – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, елімізде тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.
Әл-Каида* – ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды.