Кремль «Ресей хакерлік шабуыл дайындады» деген АҚШ пен Ұлыбританияның кезекті айыптауына мән бермеді, қанша дегенмен, аталған айыптауларға дәлел жоқ. Бұл туралы британдық БАҚ ұсынған болжамдарға Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жауап берді.
Келесі айыптаулардың неге негізделгенін білмейміз деп мәлімдеген Песков аталған мәселеге қатысты «ешкім дәлел іздестіріп те жатқан жоқ» деп атап өтті.
Жақында Ұлыбританияның ұлттық компьютер қауіпсіздігі орталығы, Федеративті Тергеу Бюросы, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік министрлігі орыс хакерлерінің маңызды ғаламтор-құрылымына иелік етуге бағытталған жаһандық кампаниясы туралы ескерткен еді. Британ баспасөзінде әуежайларға, теміржолдарға, ауруханаларға, электростанциялар мен банктерге ықтимал кибер-шабуыл туралы мақалалар пайда болды.