Лондон Мәскеумен ортақ тіл табыспақ ниетте

0
64
дереккөзден

Шиеленіске толы қарым-қатынасқа қарамастан, Ұлыбритания Ресеймен ортақ тіл табысуға тырысады. Бұл туралы Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон 15 сәуір BBC телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. «Мен желтоқсанда Мәскеуге бардым, онда біз тығыз ынтымақтастыққа қол жеткізуге ниетті болдық», – деп атап өтті министр. Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, екі мемлекет арасындағы шиеленіске толы қарым-қатынас Лондонды қуантпайды және жағдайдың әрі қарай ушыққанына жол берілмейді.

Өз кезегінде министр: «Ресей бізге барынша абай болуға дабыл қағуда», – деп қауіптенеді. Джонсон Ресей жақында Сирияда болған зымыран шабуылына қарсы хакер шабуылын жасаса, онда британ билігіне бұл жағдайға қатысты барынша алдын-ала шаралар қолдану керек деп санайды.

Лондонның Сирияға шабуыл жасау жоспары жоқ

Бұл жағдай (АҚШ, Франция, Ұлыбртанияның 14 сәуірге қараған түні Сириядағы бірқатар нысандарға зымыран шабуылын жасауы – ред) Сирия президенті Башар Асадқа химиялық қару қолдануға жол берілмейтіндігінің дәлелі болды, деп санайды министр. Джонсон Лондон Сириядағы ахуалдың ушыққанын қаламайтындығын және қазіргі уақытта жаңа шабуыл жасау (Сирияға – ред) көзделмегендігін алға тартып, «Башар Асад режимі тағы да химиялық шабуыл жасап, ақымақтыққа бармады» деп атап өтті. Бірақ егер бұл жағдай орын алса (Сирияда тағы да химиялық шабуыл жасалса – ред), Ұлыбритания және оның одақтастары өзге де жаңа нұсқаларды қарастырады, деп атап өтті британдық министр.


14 сәуірге қараған түні АҚШ, Франция және Ұлыбритания Сириядағы химиялық қарумен байланысы бар бірқатар нысандарға шабуыл жасады. Бұған дейін Дума қаласында химиялық шабуыл орын алған еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз