Жаһан біздің көз алдымызда қарқынды өзгерістерге ұшырап жатыр. Бұл туралы ҚР ассамблеясының XХVII съезінде тұңғыш президент-ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Экономика, өмір мен технологияның әп-сәтте адам сенгісіз өзгергенін алға тартқан Назарбаев “біз бұл жаңалықты қабылдаймыз, көп дүниеге үйреніп жатырмыз, көбіне қабілеттіміз”, – деді.
Елбасы үздіксіз өзгеріп тұратын әлемде тұрақты негізді құндылық – бұл қоғамның тұтастығы мен ұлтаралық келісім екенін алға тартты.
“Өзіміз жұтып жүрген ауадай қажет құндылық. Соңғы уақытта мүмкін байқамай да жүрген шығармыз. Дәл осы маңызды фактор болашақта бәсекеге қабілеттілігімізді айқындайды”, – деді Н.Назарбаев.
Біріншіден, оның сөзінше, қоғам өзгерістер мен жетістіктер дәуірінің әлемді бұрынғыдан қарағанда қауіпсіз етпегенін мойындауы қажет. Бұған дәлел – “ғаламшарда кикілжіңді тудырып отырған” әлемнің шамамен 30 мемлекеті тартылған ыстық нүктелер.
“Олардың басты себебі (кикілжіңдердің-ред) ішкі ұлтаралық дінаралық қақтығыстардан туып отыр, бұған қазір ешкім кепілдік бере алмайды”, – деген Елбасы ешкім де, соның ішінде “біз де” мұндай қайғылы сабақтарды назардан тыс қалдырмау қажеттігін алға тартты, “ұлттық радикализммен ойнауға болмайды”, – деді. “Бұған турасын айтқанда біздің егемен, тұтас азаматтық қоғамы бар мемлекетіміз байланысты”, – деді Н.Назарбаев.
Тұңғыш президенттің сөзінше болып жатқан жайттарды сараптар болсақ, ұлтаралық кикілжің тіпті қуатты мемлекеттердің де құлдырауына түрткі болады. Діни саясатта жіберілген орынсыз қате ауыр тарихи қайғы-қасіретке, көп адамдардың зардап шегуіне әкеп соғады.
Қауқарсыз, жолы болмаған мемлекеттердің ащы тәжірибесін атап өткен Н.Назарбаев бұның бәрі “бірлік, келісім мен өзара түсінушілікті бағаламаудан” туындағанын алға тартты.