Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштері Академиясының әскери делегациясы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне келді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Өзбекстан Қарулы Күштері Академиясы делегациясының сапары барысында олар университеттің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен танысып, мұражай мен Имитациялық үлгілеу орталығын аралады. Өз кезегінде полковник Хомиджон Дадабаев көрсетілген ыстық ықыласқа алғыс білдіріп, әскери кадрларды дайындау жүйесіне жоғары баға берді.
Баса айта кететін жағдай қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан көптеген жаһандық және аймақтық мәселелерде, әсіресе халықаралық терроризммен күрес бойынша бірыңғай көзқарас танытып келеді.
Жадыра Аманбайқызы