Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сапар барысында мемлекет басшысының бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралауы, сондай-ақ Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу мәселелеріне арналған кеңеске қатысуы жоспарланған.