Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбіде Сирия мәселесі бойынша Астанада өтіп жатқан келіссөздердің жетінші раундының кепіл елдері делегацияларымен кездеседі.
«Иә, мұндай кездесу жоспарланып жатыр», – деп хабарлайды агенттік өкілі және оған кепіл елдер қатысатынын атап өтті деп хабарлайды Риа Новости.
Атап өтсек, Астанад дүйсенбі күні Сирия мәселесі бойынша келіссөздердің жетінші раунды басталды. Сейсенбі келіссөздердің шешуші күні, жалпы отырыс сағат 18.00-ге жоспарланған.
Риа новости мәліметтері бойынша, Н. Назарбаевпен кездесу жалпы отырысқа дейін жоспарланған, бірақ бірінші кезекте келіссөзге қатысушылардың екіжақты және үшжақты кездесулері өтеді.
Бұған дейін Сирия мәселесі бойынша келіссөздердің алты раунды өтті. Дегенмен жетінші кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет Астана процесіне қатысушылармен жеке пікірлеседі.
Сабина Сайлаубай