Бүгiн Ақордада ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова ҚР Президентiнiң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын табыстау барысында БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесі – Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлері күнімен құттықтады.
Гүлшара Әбдiқалықова Мемлекеттiк хатшы: Ақпараттық технологиялар мен цифрландыру дәуiрiнде медиа саласының бәсекеге қабiлеттi болуы аса маңызды. Журналистер қауымы Елбасының бастамаларын халыққа жеткiзу, мемлекеттiк саясатты түсiндiру, қоғамдық пiкiр қалыптастыру, азаматтық қоғамды дамыту iсiне лайықты үлес қосуда. «Баспасөз – өмiр айнасы» деген қанатты сөз бар. БАҚ өкiлдерi ел iшiндегi және әлемдегi әлеуметтiк-экономикалық үдерiстер мен қоғамдық-саяси оқиғаларды сараптап, оларды оқырман қауымға уақытылы әрi сапалы жеткiзiп келедi. Қоғаммен бiрге өмiр сүрiп, қоғаммен бiрге тыныстайтын журналистер қауымы Мемлекет басшысы белгiлеген стратегиялық мақсат-мiндеттердi, соның iшiнде «Рухани жаңғырудың» маңызын кеңiнен жариялап бередi деп сенемiз. Отандық журналистер, баспагерлер, телевидение мен радио қызметкерлерi ақпарат жеткiзумен қатар, мемлекет пен қоғамды байланыстыратын алтын көпiр қызметiн де атқарады. Шығармашылық саласындағы дәл осы адамдар елiмiзде және әлемде болып жатқан маңызды оқиғалар жөнiнде бәрiне бұрын бiлiп, жұртшылыққа жеткiзiп отырады.