Бундестагтағы әйелдер санын тез арада ұлғайту қажет, деп есептейді Германия канцлері Ангела Меркель. Бұл туралы Меркель Германияда әйелдердің сайлау құқығына ие болғанына 100 жыл толуына орай өткізілген арнайы салтанатты шарада мәлімдеді.
“Әйелдер мен ер адамдардың тең құқыққа ие болуы – біздің демократия үшін маңызды”, – деп санайды Германия басшысы. “Әлбетте, әйел құқығы үшін күрескен Мари Юхач заманынан бері біз көп жетістікке жеттік. Дегенмен, алда да жұмыс көп. Ең бастысы біз құлдырауға жол бермеуіміз қажет. Сол себептен, бұл тұрғыдан алып қарағанда саяси үрдістің рөлі басым” – Германия канцлері.
Саясатта сондай-ақ, білім мен ғылымда, мәдениет пен ел билігінде әйелдерге квота беру маңызды, дегенмен, Бундестагта әйел мен ер адамның саны тең болуы тиіс. Қазіргі уақытта ГФР-дағы парламентте әйелдердің үлесі 30 пайызды құрайды, дегенмен, Меркельдің сөзінше, бұл мақтануға тұрмайды.