Ауғанстанда лаңкестік жарылыстан кем дегенде 13 адам мерт болды. Бұл туралы Euronews хабарлайды.
Лаңкестік жарылыс Ауғанстанның солтүстігіндегі Хост провинциясында орналасқан мешітте орын алды. Жарылғыш зат мешіт жамағаты құлшылық жасап болғаннан кейін жарылған.
Сондай-ақ, аталған мешіт ішінде Ауғанстанда 2018 жылдың қазан айында өтетін парламенттік сайлауға арналған сайлаушыларды тіркеу орталығы орналасқан.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметі бойынша лаңкестік ұйым жарылғыш құрылғыны алдын-ала орнатып, кейін қашықтан пайдаланған.
Әзірге ешқандай ұйым лаңкестік жарылысты өз жауапкершілігіне алмады.
Айта кетейік, Ауғанстанның жағдайы барған сайын күреленіп келеді. Қазіргі уақытта елдің солтүстігінде Талибандармен күрес жіргізіліп жатыр.