Мәскеуде Путинді инаугурациялау рәсімі болып өтті

0
133

7 мамыр дүйсенді, Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинді инаугурациялау рәсімі өтті. Бұл туралы kremlin.ru хабарлайды.

Владимир Путин Үлкен Кремль сарайындағы Андреев залында мемлекет басшысы қызметіне төртінші рет сайлана отырып, Ресей халқына ант берді.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин: Ресей Федерациясы президентінің өкілдігін жүзеге асыру кезінде адам және азамат құқығы мен бостандығын құрметтеуге және күзетуге, Ресей Федерациясы Конституциясын сақтауға және қорғауға, егемендік пен тәуелсіздікті, мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығын қорғауға, халыққа адал қызмет етуге ант етемін».

Еске саламыз, биыл өткен президент сайлауыда Владимир Путинге 56,4 млн сайлаушы қолдап дауыс беріп, 6 жылға мемлекет басшысы болып қайта сайланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз