Алматы еліміздің ең ірі және әсем қаласы болып қала бермек – Назарбаев

0
245

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының спорт инфрақұрылымын, медициналық қызмет көрсету және цифрландыру нысандарын аралап көргеннен кейін оған қала әкімі Бауыржан Байбек өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы және алдағы жоспарлары жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: Алматы еліміздің ең ірі және әсем қаласы болып қала бермек. Сол себепті әкімдік қалаға деген жанашырлығын көрсете отырып, шынайы ықыласпен жұмыс істеуі керек. Мен жолдардың, мектептер мен балабақшалардың жөнделіп, әлеуметтік инфрақұрылымның жақсара түскенін, сондай-ақ жаңа аудандардың пайда болғанын көріп отырмын. Бұл жұмысты тұрақты түрде жүргізу қажет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз