Моңғолиялық саяхатшылар Жібек жолы бойын түйемен жүріп өтпек

0
360

Моңғолиялық 7 саяхатшы Ұлан-Батордан Лондонға дейін 12 мың шақырымды құрайтын жолды түйемен жүріп өтпек.

РИА Новостидің мәліметінше, Саяхатшылардың басты бағыты 15 мемлекеттің шекарасын кесіп өтетін Ұлы Жібек жолының бойымен жүріп өтуге негізделген. Аталған 7 турист те дүние жүзін аралап шыққан тәжірибелі саяхатшылар.

Саяхатшылар маршруттың соңғы нүктесіне 2020 жылы жетуді жоспарлап отыр. Мұндай ерекше бағытты пайдалана отырып жолға шыққан саяхатшылар бүкіл әлемнің назарын моңғол мәдениеті мен тарихына аудартқысы келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз