Орталық Америка елдерінен АҚШ-қа өту үшін автобустармен жолға шыққан жүз елуден астам мигрант Мексиканың Тихуана қаласынан АҚШ-тың шекарасынан өтуді талап етуде.
dw.com ақпараттық агенттігінің мәліметінше мигранттар АҚШ-тан баспана сұрап отыр. Бұл Орталық Америадан АҚШ-қа ағылған алғашқы мигранттар керуені емес. Дегенмен, бірнеше жүздеген адамдардың бұл жолғы АҚШ аумағына өтудегі қарқыны күштірек.
Босқындардың бет алысы АҚШ президентін де бей-жай қалдырмады. Ақ үй басшысы Вашингтонның ішкі қауіпсіздік министрлігіне босқындарды шекарадан өткізбеуге нұсқау берген.
Құқық қорғау ұйымының өкілі «Бостандық ескерткіші бекер орнатылмаған. Біз ұлтшылдар емеспіз. Біздің мемлекет адам құқықтарын қорғау үшін күресіп келеді. Ал Орталық Америкадағы жағдайға біз тікелей жауаптымыз. Сондықтан оны шешу біздің міндетіміз. Ұлтшылдық пен нәсілшілдіктің жолын кесеміз», деп мәлімдеді.
Құқық қорғау ұйымдарының мәліметінше, жыл сайын он мыңдаған мигранттар Мексика арқылы АҚШ-қа өтуге тырысады. Сондай-ақ, шекараны кесіп өтпек болған босқындардың басым көпшілігі қылмыстық топтардың құрығына түсетін көрінеді.