Батыс державалары тілдесті

0
340

Германия Федеративті Республикасының канцлері Ангела Меркель Франция президенті Эммануэль Макрон және Британия премьер-министрі Тереза Мэймен телефон арқылы сөйлесу барысында АҚШ-пен сауда дауын және Иранның атом бағдарламасы шарттарын талқылады. Бұл туралы 29 сәуірде ГФР үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберт хабарлады.

Тараптар «АҚШ-қа Еуроодаққа қатысты саяси-сауда шараларын қолданудың қажеті жоқ» деген пікірге келісті. Deutche Wella басылымы таратқан ақпарға сәйкес, Меркель өткен аптада Д. Трамппен Вашингтонда Ақ үйде кездесу барысында АҚШ басшысы болат пен алюминийге баж салығын ұзарту немесе қысқарту туралы жауаптан жалтарған болатын.

Меркельдің айтуынша, сан бағытты сауда алаңында Берлин «өз қызығушылықтарын қорғауға дайын».

Сондай-ақ тараптар Еуропада «қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ортақ құндылықтарды дамыту үшін» үш жақты диалогты жалғастыру жайын талқылады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз