Министр: Қазақстанда 20 млн тоннадан астам астық жиналды

0
193
Photo: akorda.kz

Қазақстанда астық жинау науқаны аяқталды, 20,1 млн тонна дәнді дақыл қамбаға құйылды. Бұл туралы сейсенбі күнгі үкімет отырысынде ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров хабарлады.

“Қазіргі уақытта дәнді дақылдарды жинау, егін алаңының жұмыстары 99,5% – ға аяқталды. Республика бойынша егін алқабы 15,8 млн. гектар болды. Орта есеппен бір гектардан 12,8 центнер астық алынды. Жалпы ел бойынша 20,1 млн. тонна астық жиналды”, – деді министр Омаров.

Омаровтың айтуынша, дәнді дақылдардың көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуден бөлек 7-8 млн тонна астықты экспорттауға мүмкіндік бар.

Күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев диқандарды егін жинау науқанының табысты аяқталуымен құттықтаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз