Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Құтқарушылар Түркияда жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылған.
Құтқарушылар мен кинологтар тобы, хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамадан кейін Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырған.