27 ақпан Астанада мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен “Нұр Отан” партиясының кезекті съезі басталуға жақын. Съезге қоғам қайраткерлері, мәдениет өкілдері, жан-жақтан шақырылған қонақтар мен шетелдік эксперттер қатысуда.
Съезд күн тәртібінде “Нұр Отан” партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы, партияның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, партия саяси кеңесінің және орталық бақылау-тексеру комиссиясының есепті кезең бойынша жұмысының қорытындылары, партия саяси кеңесінің және орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау мәселелері тұр.
Safina Said