Судьялардың коронавирус жұқтыруына байланысты Нұр-Сұлтан қалалық сотының ғимараты карантинге жабылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
” Нұр-Сұлтан қаласы сотының жекелеген судьялары мен мамандарында Сovid-19 вирусы анықталуына байланысты елорда сотында 24 маусымнан 3 шілдеге дейін карантин енгізілді”, – делінген хабарламада.
Сот істерін онлайн қарау қызметі де кейінгі қалдырылған.
Хабарламада осы уақыт аралығында әкімшілік істер, бұлтартпау шарасын санкциялау, күзетпен ұстау мерзімін ұзартумен байланысты материалдар және кейінгі қалдыруға жатпайтын бөлек материалдар ғана қаралатыны айтылған.