Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылуы мүмкін

0
156
Астана қаласы.

Коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты Нұр-Cұлтан қаласы карантинге жабылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

“Б” жоспары бойынша жергілікті билік органдары бүгін шешім қабылдайды. Олардан жаңалық күтеміз. Мүмкін қаланы жабады”, – деді Ахметшәріп.

Қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 27 адамға коронавирус жұққаны расталды.

Бүгін таңда Алматыда тағы да 3 адамнан коронавирус табылғаны хабарланған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстанның барлық аумағына 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін төтенше жағдай енгізген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз