Нұр-Сұлтан тұрғыны көпірден секірмек болды (видео)

0
93
Көпірден секірмек болған адам. 12 қыркүйек 2019 жыл. photo: kazaknews.kz

12 қыркүйекте түстен кейін Нұр-Сұлтанда оң жағалау мен сол жағалауды қосып тұрған көпірдің үстіне бір адам шығып, секірмек болған.

Оқиға орнына төтенше жағдай департаменті мамандары, әкімдік өкілдері, полиция қызметкерлері келген. Құтқарушылар тұрғынға көмектесу үшін жоғарыға кранмен көтерілген.

 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілі Елнұр Бейсенбаев биіктен секірмек болған адамға “бала-шағаңды ойла, баспана мәселең шешіледі” деп айғайлап, оны төменге түсуге көндіруге тырысты.

Сәлден соң көпірден секірмек болған адамның төмен түскені хабарланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз