Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада әйелдерді құттықтады

0
373

7 наурыз күні Ақордада президент Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай “Көктем шуағы” әйелдер қоғамының өкілдерімен кездесіп, құттықтады. Бұл туралы KAZAKNEWS тілшісі хабарлады. 

Ақорда. 7 наурыз. 2019 жыл.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Гүлшара Әбдіхалықова. ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

Наталья Ермолина. “Астана-Зеленстрой” АҚ бөлім басшысы.
Мәншүк Мәмбетова. “Күміс алқа” иегері.
Виктория ЮН. Қызылорда облысытық онкологиялық орталықтың бөлім басшысы.
Вера Витальевна. Қостанай облысы, Мичурин ауылдық округінің әкімі.

Клара Төленбаева. Президент оркестрінің солисті.
“Көктем шуағы” әйелдер қоғамының өкілдері Елбасымен.

Мемлекет басшысы қоғамдағы көпбалалы аналардың рөліне баса назар аударды. Оның айтуынша, мұндай аналар жауапкершілік деңгейі бойынша бірнеше әуе диспетчерімен бірдей болады.

“Орта есеппен бізде бір отбасыда үш баладан бар, ал бір жылда Қазақстанда 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Балалар – қашан да байлық, бүкіл отбасының мақтанышы ғана емес, ел үшін құнды капитал. Сондықтан аналарымызға, әсіресе, көпбалалы аналарға құрмет көрсетіп, алғыс айтуымыз керек. Бұл зор еңбек. Олар бүтін бір халықтың игілігін арттыру арқылы ана ерлігін жасап жатыр”, – деді Президент.

Жиынға қатысушылар өз мамандықтары жайлы, жұмыстары жөнінде әңгімеледі. Өлең оқып, ән айтқандары да болды.

Ананың құдіреті шексіз. “Оның алдында бүкіл дүние бас иеді” деп тегін айтылмаса керек. Ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына ана ақ жаулығын тастаған кезде соғыс тоқталып, бітімге келетін болғанын білеміз. Дәстүрімізді барынша сақтап келе жатқан біз әйел затын әсіресе қадірлейтін xалықпыз. Қазақ ұлты қыз баланы әр уақытта алақанына салып, аялап отыратын. Бұл салтымыз отбасы үшін бұзылмас заңдылыққа айналып келеді. “Ана” деген қастерлі сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек жоқ, толқымайтын көңіл болмайды, –  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз