Назарбаев Бразилия президентіне көңіл айтты

0
77
дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Жаир Мессиас Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минас-Жерайс штатындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осындай қиын сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза тапқандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына көңіл айтамын.

Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз