11 сәуір күні алаяқтық ісі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова ақталып шықты.
Әншінің ісіне қатысты бүгінгі апелляциялық сотта судья ақтау туралы шешім шығарды. “Әлімбекованың айыбы дәлелденбеді, оның алты жылға берілген шешімі өзгертілсін. Ақталсын”, — деді судья.
Tengrinews хабарлауынша, бұған дейін осы істің басты фигуранты Феруза Ордабаева өз кінәсін мойындап, Әлімбекованың қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан болатын. Ал Әлімбекова өзіне жала жабылғанын мәлім еткен.