13 наурызда Нұр-Сұлтандағы “Nurorda” білім-инновация лицейі және “Spectrum” халықаралық мектебі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды. Мектеп оқушылары әсем ән мен биден шашу шашса, ұстаздар театрландырылған қойылым қойып, мектеп айналасында әдемі киіз үйлер тігілді. Ұлттық ойын түрлері ойнатылып, кең дастархан жайылды.
Қазақстандық Ник Вучич атанып кеткен “Нұрорда” мектебінің төртінші сынып оқушысы Әли Тұрғанбеков Наурыз мерекесін асыға күтетін жеткіншектің бірі. Ертеңінен сеніммен қарайтын бүлдіршін болашақта жүзуден белестерді бағындырғысы келетінін айтады. Сондай-ақ Әли барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, әр шаңыраққа тек жақсылық тілейтінін жеткізді.
Diar Ydyrys Safina Ahtay Madina Dauletova