Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің ісі бойынша үкім шығарды. Үш айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айрылды.
Сонымен қатар, олар Петр Ницикке қастандық жасады және заңсыз аң аулады деп айыпталған.
Сот үкімін судья Қайрат Қасымов жариялаған.
Қылмыстық іске қатысты қалған тұлғалар – Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдос Акимовты сот заңсыз аң аулау үшін кінәлі деп танып, оларды 6 жылға бас бостандығынан айырды. Олар жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Барлық сотталғандар 5 жылға аң аулау құқығынан айырылған және Қорға 20 және 30 АЕК өтемақы төлеуге міндетті.
Еске салайық, 27 тамызда Қарағандыда қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты аса ауыр қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы басталды. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, осы жылдың қаңтарында олар алдын-ала келісім бойынша Қарағанды облысының Нұра ауданында ақбөкендерді аулауға кеткен. Онда олар 17 ақбөкен атып өлтірген. Жасырынуға тырысқан қылмыскерлерге инспекторлар Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницик кедергі жасамақ болған, алайда қылмыскерлер оларға шабуыл жасаған. Нәтижесінде екі жұмысшы да ауыр жарақат алды. Артынша Ерлан Нұрғалиев ауруханада қайтыс болды.