19 ақпаға қараған түні Қостанай облысында қар құрсауында қалған 12 балықшы құтқарылды. Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға Жангелдин ауданында болған.
“Бүгін, түнгі 01:30 шамасында Торғай селосынан 20 шақырым жерде қар құрсауында қалған 5 жеңіл автокөлікке көмек көрсетілді. Көліктерде барлығы 12 адам болған. Олар Қабырға өзеніне балық аулауға шықпақ болғаны анықталды”, -дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Құтқарушылар автокөліктерді қардан шығарып, қауіпсіз жерге дейін сүйретіп жеткізді. Балықшылар медициналық көмекке жүгінген жоқ. Облыстық ТЖД боранды күні алыс жолға шықпауға кеңес береді.