Оралу
Оқиға Парагвай Иерусалимде өз елшілігін ашты
Парагвай АҚШ-тан кейін Израильдегі өз елшілігін Тель-Авивтан Иерусалимге көшірген екінші мемлекет болды. Парагвай дипломатиялық өкілдігінің 21 мамырда Иеруслаимде ашылу салтанатына Парагвай президенті Орасио Картес пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қатысты.
“Парагвай мен Израиль үшін ұлы күн”
Салтанатты шара барысында сөз алған Нетаньяху бұл күнді «Парагвай мен Израиль үшін ұлы күн» деп атап, «израиль халқының атынан зор алғыс білдірді», деп жазады Deutche Welle басылымы. Палестинаны босату Ұйымының өкілі Ханан Ашрави Парагвай елшілігін Иерусалимге көшіруді қатаң түрде айыптап, аталған әрекетті халықаралық құқыққа қайшы «провакациялық және жауапсыз шара» деп атады.
Гватемала елшілігін Иеруслаимге көшірді
Гватемала өзінің Израильдегі елшілігін Иерусалимге 16 мамыр күні ресми түрде көшірді. Салтанатты шараға Гватемала президенті Джимми Моралес пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қатысты. Бұдан екі күн бұрын халықаралық қарсылыққа қарамастан, Иерусалимде АҚШ елшілігі ашылды. Соның салдарынан Газ және Израиль шекарасында палестиналықтар бұқаралық наразылық жасады. Наразылықта израиль әскерилерімен қақтығыс орын алып, салдарынан 60 палестиналық көз жұмып, 2770 адам зардап шекті.
Халықаралық қоғамдастықта Иеруслаимнің статусына қатысты мәселе қатаң күн тәртібінде тұр. Бірқатар мемлекеттің пікірінше, Иерусалимнің статусы израильдіктер мен палестиналықтардың өзара диалогы негізінде шешілуі керек. Аталған пікірді Еуроодақта ұстанады. Палестиналықтар Израильдің оккупацияланған шығыс аумағы Иеруслаимді өздерінің болашақ елордасы етпек. Израиль өз кезегінде Иеруслаимді бөлініске түспейтін, өз қалалары деп санайды.
Сафина Саид