Балаларды қағып кеткен трамвай жүргізушісі екі жылға сотталды

0
73

Павлодарда мектеп оқушыларын қағып кеткен 30 жастағы трамвай жүргізушісі екі жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қылмыстық істер жөніндегі Пвлодар қаласының №2 соты трамвай жүргізушісін ҚР ҚК-нің  345-бабы, үшінші бөлігі бойынша кінәлі деп тапты.

№2 қалалық соттың судья Думан Серікбаев «Көлік басқарумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан бес жылға айыру және минималды қауіпсіз түзету мекемесінде бас бостандығына шектеу қою түрінде жаза тағайындалсын», – деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, сот Павлодар трамвай басқармасының басшылығына жұмыс істемейтін спидометрі бар трамвайды жолға шығарған жауапты тұлғаларды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін жеке қаулы шығарды.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты 7 қыркүйек күні орын алған. Трамвай  реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кеткен. Салдарынан үлкен қыз Махаббат оқиға орнында қайтыс болған.

Ең соңғы сөзінде трамвай жүргізушісі қыздың өлімі үшін анасынан тағы бір мәрте кешірім сұрап, бостандығынан айырмауды және өзінің алты жасар қызын тәрбиелеуге мүмкіндік беруді өтінді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз