Петропавлдық оқушы мектепте бірнеше баланы жарақаттады

0
169

Петропавлда 9 сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ ала келіп, бірнеше оқушыны жарақаттады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңертең Петропавлдағы №4 орта мектепте сағат 7.50 минут кеткенде болған. Осы оқу ордасының 9-сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге ас үйде қолданылатын балта мен пышақты ала келген.

Ол 3 оқушыны жарақаттаған. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Ал мектепте мамандандырылған күзет қызметі болмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз