Полицейлерді кезектен тыс аттестация күтіп тұр – Назарбаев

0
77
дереккөзден

19 қарашада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалығымен ішкі істер органдарының қызметін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Кеңес барысында мемлекет басшысы жаңа формациядағы полицейлер қажет екендігін алға тартты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бізге жаңа формацияның полицейлері қажет. Кадрларды іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйесі қайта қарастырылатын болады. Ведомстволық білім беру ісі айтарлықтай өзгереді. Мамандарды даярлау сапасы әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи полиция академиялары қажет, – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті Ішкі істер министрлігіне тиесілі 12 оқу орнының үздік бесеуі ғана қалатынын айтып, оған жоғары жалақы төленетін мейлінше білікті оқытушылар іріктеліп алынатынын атап өтті.

Қазіргі полицейлерді кезектен тыс аттестация күтіп тұр. Заманауи стандарттарға сай келетін қызметкерлер ғана қалады. Осы сынақтан өтпегендердің орнына лайықты қызметкерлерді алу керек. Қазақстанда іріктеуді сапалы жүргізуге зор мүмкіндіктер бар – жыл сайын еліміздің жоғары оқу орындары 20 мыңнан астам заңгер дайындап шығаруда, – деді Елбасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз