Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ішкі істер органдарының қызметін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңес барысында полицейлердің формасының соңғы шешімді нұсқасы таныстырылды.
Қазақстандық құқық қорғаушы қызметкерлердің формасында енді POLITSIIA деген жазу болады.
Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов жаңа форманың ыңғайлы, заманауи екендігін алға тартады.
19 қарашада мемлекет басшысының төрағалығымен ішкі істер органдарының қызметін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер органдарының күш жұмылдыруының арқасында соңғы үш жылда қылмыс деңгейі 17,5 пайызға азайғанын атап өтті. Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Исекешев пен Ішкі істер министрі Қ.Қасымов баяндама жасады.