Президент Астанада төртінші православие шіркеуін салуды тапсырды

0
99
дереккөзден

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Астанада төртінші православие шіркеуін салу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы қоғамдық даму министрлігі хабарлайды.

Қазіргі уақытта жаңа православ ғибадатханасының құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін бөлу мәселесі шешіліп, объектінің құрылысы үшін жер учаскесі анықталды. Құрылыс жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамдық даму министрлігі ұсынған фото

Атап өтерлігі, қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесті.  Кездесу барысында Патриарх ҚР президенті Н. Назарбаевтың қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған салиқалы саясатын ерекше атап өтті. Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен діндер арасындағы, оның ішінде православ дінімен де арадағы өзара сұхбат сындарлы түрде дамып келе жатқандығын ерекше атады, деп хабарлайды министрлік.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз