Президент лауазымына Тоқаев лайықты кандидат – Назарбаев

0
141
дереккөзден

“Нұр Отан” партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев партия атынан президентікке кандидат ретінде қазіргі ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Тоқаевты бірге жұмыс істеген жылдар аралығында білетінін алға тартқан Елбасы аталған үлкен лауазымға Тоқаевтың лайық екенін атап өтті. “Қасым-Жомарт Кемелұлы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ менімен бірге түрлі алаңдарда жұмыс істеді. Ұзақ жылдар бойы сыртқы істер министрлігін басқара отырып, Қазақстан Республикасының ішкі саясатын менімен бірге құрды. Оның дипломатиялық дәрежесі шетелде жоғары бағаланады. Бәріңіз білесіздер, ол БҰҰ бас хатшысының орынбасары болды әрі тәжірибелі мемлекеттік саясаткер. Ол ҚР үкіметін ең қиын сәттерде басқарды, 1998 жылы Азияда болған дағдарыста да, экономикамызды қалыпқа келтіруге ат салысты”, – деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.

22 сәуірде президентікке кандидаттыққа Орталық сайлау комитетіне Садыбек Түгел құжат тапсырды. Садыбек Түгелді “Ұлы дала қырандары”республикалық қозғалысы ұсынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз