Президент “Охотозоопромның” қаза тапқан инспекторларын марапаттады

0
112
дереккөзден

Президент Нұрсұлтан Назарбаев  “Охотозоопром” ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкты ІІІ дәрежелі “Барыс” орденімен марапаттау туралы қаулығы қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

“1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Ницык Петр Алексеевич – Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы

Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлы (марқұм) – Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы”, – деп жазылған қаулы мәтінінде.

13 қаңтар Қарағанды облысы Нұра ауданында заңсыз аңшылыққа шыққан браконьерлерді құрықтау барысында “Охотозоопром” инспекторлары қаза тапты.“Охотозоопром” инспекторлары 18 сағат бойы рейд жасап, бес атылған киіктің өлігін тапқан. Ізіне түсу барысында Toyota Land Cruiser маркасындағы екі автокөлік табылды, екеуінің де тіркеу нөмірі болмаған, көліктің біреуін тоқтату мүмкін болды. Көлікті тексеру барысында әлдекімдер қарсылық танытқан. Салдарынан бір инспектор сұғылып, тілінген жара алып, жағы сынған, екінші инспектор бас-ми жарақатынан кейін ес-түзсіз жатқан, алайда дәрігерлерге оны құтқару мүмкін болмады. Кейіннен жарақат алған инспектор Ерлан Нұрғалиев ауруханада жан тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз