5 сәуір Астанада елорданы дамыту жөніндегі мәселелер туралы кеңес барысында мемлекет басшысы Н. Назарбаев қала әкімшілігінің және уәкілетті мемлекеттік органдардың ерекше назар аударуын талап ететін мәселелерге жете тоқталып, нақты тапсырмалар міндеттеді:
-
шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өкілдері арасында жазғы сауда алаңдарын пайдалану ережелеріне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
-
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-
туристік нысандарды тиімді пайдалану;
-
ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мәселесін шешу;
-
«Сергек» жүйесін қолдану;
-
қалада көлік тұрақтарын салу;
-
«ЭКСПО-2017» көрмесінің озық тәжірибелерін пайдалану;
-
көлік инфрақұрылымы мен жеңіл рельсті көлік желісінің құрылысын дамыту;
-
демалыс орындары мен білім беру нысандарын салу;
-
қаланың экологиялық проблемаларын шешу және қалдықтарды қайта өңдеу;
Кеңес барысында сондай-ақ Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев есеп берді. Өз кезегінде Қазақстан президенті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдау мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясындағы жұмыстарды қарқынды жүргізуге барша қазақстандықтарды шақырды.