Қазақстаннан рохинджа босқындарына гуманитарлық көмек

0
128
Гуманитарлық көмекті үлестіру/ Барлыбай Садықовтың Fаcebook парақшасынан

Қазақстан Бангладештегі рохинджа мұсылмандарына гуманитарлық көмек берді. Бұл туралы ҚР СІМ өкілі Барлыбай Садықов хабарлады.

«18 сәуірде ҚР Пәкістандағы елшілігінен Бангладеш Халық Республикасының Кокс-Базар қаласы маңына жақын аумақта уақытша орналасқан рохинджа босқындарына гуманитарлық көмек берілді. Босқындардың жалпы саны бір миллионға жуық адамды құрады», – деп жазады Б. Садықов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

18 апреля 2018г. Посольством РК в Пакистане передана гуманитарная помощь Республики Казахстан беженцам рохинджа,…

Geplaatst door Barlybay Sadykov op zaterdag 21 april 2018

Қазақстанның рохинджа мұсылмандарына гуманитарлық көмек жіберетіні туралы 2017 жылдың желтоқсанында белгілі болды. 500 мың долларға тең сома бөлінетіні туралы хабарланды.

Бангладештегі миллионға жуық рохинджа босқындары/Барлыбай Садықовтың Fаcebook парақшасынан алынды

Рохинджа – Мьянмадағы Ракхайн штатында өмір сүретін этникалық мұсылмандар.

Рохинджа мұсылмандары/ Барлыбай Садықовтың Fаcebook парақшасынан

Мьянмада  рохинджа мұсылмандары және үкімет әскерінің қақтығысы орын алуда. Өзара кикілжіңнің шиеленісуінің ауқымды көрінісі- 2017 жылдың 25 тамызында болған қақтығыс.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз