Мемлекет басшысының Жарлығымен Дулат Хангерейұлы Бақышев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның Кореядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев тағайындалды.
Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.