Қырғызстан Республикасының Премьер-министрі Мухаммедқали Абылғазиев пен Бақытжан Сағынтаев телефон арқылы тілдесіп, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ыетымақтастық мәселесін талқылады.
Сөйлесу барысында Бақытжан Сағынтаев әріптесін Қырғызстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтай отырып, еңбек жолында табыстар тіледі.
Бұдан өзге екі елдің Үкімет басшылары достық пен өзара түсіністік өағидаттарына негізделген қырғыз-қазақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Тараптар өзара тиімді диалогты одан әрі дамытудың және екі мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.